Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және тұрғындардың патриоттық сана -сезімін қалыптастыру аясында "Павлодар қаласы мен Павлодар облысының Ауған соғысы және оқшау соғыстар ардагерлері мен мүгедектері" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстың қалалары мен аудандары бойынша автошеру өткізілуде.
Бүгін автошеру қатысушылары Ертіс ауылына келді.
Патриоттық шара ауған соғысы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен өтті.
Ауған соғысы ардагерлері мен атқарушы органдардың басшыларынан жастарға нақыл сөздер айтылды. Аудан жастары жауынгерлерге ерлігі мен батылдығы үшін алғыс білдірді.
Дөңгелек үстел «Нұр Отан» партиясы филиалында жалғасты.