«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы

Ертіс ауданында ​ «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы басталды!
​ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялады.
⠀Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтті.
Байқаудың мектепішілік кезеңі 2021 жылдың 8 қазан күні өткізілді. Ауданның барлық мектептердін 200-ден астам оқушылары қатысты. ​ І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздар​ мектеп директорларының мақтау қағаздарына ​ ие болды. Мектепішілік кезеңінің қорытындысында 52 оқушы аудандық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
Аудандық байқау казан айының 19 күні Аудандық Мәдениет үйінде өткізіледі. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!