«Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы» № 265-61-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі

«Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы  «2021 – 2023 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы»    № 265-61-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі

«Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы

 «2021 – 2023 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы»   

№ 265-61-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі

 

 

         Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
    «2021 – 2023 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы» № 265-61-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 7112 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

         «1. 2021 – 2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 7384971 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 778280 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 13186 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6064 мың теңге;

трансферттер түсімі – 6587441 мың теңге;

2) шығындар – 7492795 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 46602 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 65633 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 19031 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -154426 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
154426 мың теңге.»;

2) көрсетілген шешімнің 6-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«6. 2021 жылға арналған аудандық бюджетінде Ертіс ауданының ауылдар және ауылдық округтерінің бюджеттеріне берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерлерде ескерілсін:

13086 мың теңге - әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеуге;

109113 мың теңге - ауылдық елді мекендерді абаттандыру бойынша
іс-шаралар өткізуге;

290696 мың теңге – «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша
іс-шараларды іске асыруға;

3833 мың теңге – факторлық - баллдық шкала бойынша еңбекақы төлеу жүйесінде мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеуге;

7990 мың теңге – ауылдық елді мекендерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

6220 мың теңге – мемлекеттік органдардың күрделі шығыстарына;

3784 мың теңге – лауазым деңгейі мен функционалдық блоктың өзгеруіне байланысты мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбекақысына;

18459 мың теңге – ауылдық елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға.»;

3) көрсетілген шешімнің 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«8. Аудандық жергілікті атқарушы органның 2021 жылға арналған резерві 8950 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

4) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.