«Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Бірге таза Қазақстан» акциясына ауданның 1800-ден астам тұрғыны қатысты. Елді мекен тұрғындары, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары жергілікті және іргелес аумақтарды ретке келтірді, саябақтар мен алаңдарды тазартты. Сонымен қатар, ағаштар мен сәулеттік формаларды әктеу, шөп шабу және жабайы екпелерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Ал жастар Ертістің жағалау аймағын тазалады.

Акцияға 32 бірлік техника жұмылдырылды. 1300 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Күзгі сенбіліктер жалғасын табады. Жақын күндері біз көшеттерді күзгі отырғызумен айналысатын боламыз.