ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ХАЛЫҚ ТАЛҚЫСЫНДА

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ХАЛЫҚ ТАЛҚЫСЫНДА

Аудан активімен ҚР Президенті Қ.Токаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауын талқыладық. Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы кезеңге арналған басым мақсаттарын жариялады. Көрсетілген бағыттар мен аспектілер жоғары маңызға ие. Кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылықты дамыту, білім, денсаулық сақтау, спорт салаларын ілгерілету, "Халық қатысатын бюджет" жобасын іске асыру, тағы да басқа мәселелер бойынша жоспарымызбен таныстырды. Халық игілігі үшін Жолдауда көрініс тапқан мәселелерді толықтай жүзеге асыру - біздің басты міндетіміз.