АУДАННЫҢ ЕГІС ДАЛАСЫНДА

АУДАННЫҢ ЕГІС ДАЛАСЫНДА

Биылғы жылдың егін орағына ауданның аумағындағы барлық шаруашылық құрылымдар кірісті.

8-қыркүйекке жалпы көлемі 212,7 мың гектар егіс алқабының 74,2 мың гектары орылып, 68 мың гектары бастырылған. Жиналған өнім 93,1 мың тоннаны құрайды. Орташа өнімділігі гектарына 13,7 цен.

Бұның ішінде ауданның негізгі дақылы жалпы көлемі 182,6 мың га құрайтын бидай алқабының 44,3 мың га орылып, 40,3 мың га бастырылған.

Жиналған өнім 59,5 мың тонна. Бидайдың орташа өнімділігі бір гектарға 14,8 цен айналуда.

Аудан шаруашылықтары арпаны толық жинап алды десе де болады. Жалпы көлемі 18,6 мың гектар арпа толық орылып, 17,1 мың бастырылған. Жиналған өнім 24,8 мың тонна. Орташа түсімі гектарына 14,5 цен.

Ал, жалпы көлемі 2330 гектар сұлы толық орылып, бастырылды. 2600 тонна өнім жиналды. Орташа түсімі гектарына 11,3 цен айналып отыр. Жалпы көлемі 2400 гектар бағалы дақыл қарақұмық толық жиналып алынды. Алынған өнім 1800 тонна. Орташа түсімі гектарына 7,6 цен айналды.

Ауданда аумағы 4,8 мың га құрайтын жасымық та орылып, бастырылды. 3,24 мың тонна өнім алынды. Түсімі гектарына 7,2 цен. 690 гектар күздік бидай орылып, 700 тонна өнім алынды. Түсімі 10,1 цен.

Ауданда қысқы мал азығын дайындау жалғасуда. Жоспардағы 91,5 мың гектар орнына 107,5 га қырдың табиғи және екпе шөптер, өзен жиегінен 13,1 мың га тоғай шөбі шабылды. Жоспардағы 127,2 мың тонна орнына 128 мың тонна шөп дайындалып, бұның 110,5 мың тоннасы мал қыстауларына жеткізілді. Құнарлы мал азығы пішендеме (сенаж) дайындау жүріп жатыр. Атаулы күнге 5,6 мың тонна пішендеме дайындалған.