ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ІС САПАРЫ

ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ІС САПАРЫ

2-қыркүйекте ауданға іс сапармен келген Павлодар облыс әкімінің орынбасары М.Утешов, Ертіс ауданының әкімі А.Бейсекин ауданның егіс даласын аралап, биылғы егін орағының барысымен танысты.

Лауазымды мейманның алғаш ат тіреген Қарақұдық ауылдық округінде орналасқан «Қарақұдық» ЖШС нің егіс даласында оларды айтылмыш шаруашылық төрағасы С.Оразбаев қарсы алды. Ол жуырда ғана басталып, енді қарқын ала бастаған егін орағы жайлы баяндап, алғашқы көрсеткіштердің көңіл қуантарлық екенін тілге тиек етті. Сонымен бірге көптен көкейінде жүрген егіншілікпен мал шаруашылығын қатар дамытуға жылдар бойына жер мәселесінің оң шешімін таппай, қолбайлау болып отырғанын алға тартты.

Бұдан соң облыс әкімі орынбасары, аудан әкімі осы маңнан аса қашық емес, «Ертіс ТШ» ЖШС болып, биылғы жылдың басты науқаны-егін орағы өтіп жатқан егіс даласын аралады. Құзырлы облыс, аудан басшыларын мұнда серіктестік құрылтайшысы Н.Миллер, жұмыс барысымен таныстырды.

Сөз кезегінде Н.Миллер астық кептіретін қондырғыларға арнайы арзандатылған дизелдік отынның бөлінбейтінін, бұның себеп-салдары әлі түсініксіз күйде қалып отырғанына қынжылыс танытты. Бұнымен қатар лауазымды қонақтар осы шаруашылық аумағында құрылысы қайта жүргізіліп жатқан тауарлы сүт кешенінің, бақша өнімдерін сақтайтын сыйымдылығы 12 мың тоннаны құрайтын қоймалардың құрылысымен танысты.

Облыс әкімінің орынбасары М.Утешов, Ертіс ауданының әкімі А.Бейсекин осы күні Северный ауылдық округінде болып, осындағы «Три К» ШҚ қарасты суармалы жерді аралады. Бұнда шаруашылықтың бүгінімен, ертеңгі күнге алға қойып отырған мақсаттары туралы ШҚ төрағасы, ауданның белді азаматы О.Әтимов баяндап берді. Сонымен қатар лауазымды қонақтар осы ауылдық округтегі «Мүталәп» ШҚ егіс даласында болып, ШҚ төрағасы Қ.Жүсіповпен кездесті.

Облыс әкімі орынбасары М.Утешовты биылғы орақ барысы, егін өнімділігімен қатар, шаруашылық басшыларының талап-тілектерін тыңдап,шаруашылық басшыларына, ауданның ауылшаруашылық басқармасына бүгінгі таңда пайдаланылып жатқан ауылшаруашылық жер көлемін нақтылауды тапсырды. Биылғы егін орағына үкімет тарапынан арзандатылған бағамен бөлінетін дизелдік отынның толық ауданға жеткізілген, жеткізілмеген нақтылады.