Аудан ауылдарында

Аудан ауылдарында

Күзгі-далалық жұмыстар біртіндеп жұмыс қарқынын алуда. Диқандар егіс алқаптарында өсірілген дақылдарды жинай бастады, жиналған алқаптардың санын кеңейтті.

Сонымен қатар, жем дайындау жалғасуда. 26 тамыздағы жағдай бойынша ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 91,5 мың га жоспар бойынша 104,5 мың га шабындық жерлер шабылды. Бұл ретте шөп шабу өзен сағасы мен жайылмаларда да жүргізіледі. Дайындалған ірі жемшөптер көлемі 127,2 мың тонна жоспар бойынша 124,1 мың тоннаны құрады. Қазіргі уақытта орташа өнімділік 11,3 ц/га құрайды (өзен сағасы мен жайылмаларда 16,2 / га). 5,5 мың тонна жоспар  бойынша 5,6 мың тонна пішендеме дайындалды. Бұл көрсеткіштердің барлығы мал қыстату кезінде ірі және шырынды жеммен дұрыс қамтамасыз етілетініне сенімділік береді.

Биыл ауданда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау алаңы 212 мың гектардан асады. Оның ішінде бидай (182,6 мың гектар, 6,5 мың гектар жиналды), арпа (18,6 мың гектар, 4,6 мың гектар жиналды), сұлы (2,3 мың гектар, 2 мың гектар жиналды), тары (1,8 мың гектар), қарақұмық (2,4 мың гектар, 1,2 мың гектар жиналды), жасымық (4,7 мың гектар, 1,5 мың гектар жиналды).