Ертіс ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Ертіс ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

ЖОБА

 

Ертіс ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

         Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ертіс ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
  2.    Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ертіс ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері ұлғайтылсын.
  3.    Ертіс аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі «Жер бөлу жобаларын (схемаларын) , бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» № 220-40-5  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4768 болып тіркелген , 2015 жылғы 3 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының экология, бизнесті және өндірісті қолдау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  5. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Лауазымы                                                            Аты-жөні