Ауыл әкімдерін сайлау

Ауыл әкімдерін сайлау

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасы бойынша ел тарихында алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Біздің ауданда бес ауылдық округтегі әкім лауазымына 17 кандидат - түрлі партиялардың өкілдері және өзін-өзі ұсынушылар үміткер болды. Бүгін аудан әкімі Аян Бейсекин халық сеніміне ие болған әкімдерді таныстырды. Алдағы кезеңге арналған міндеттерді және сайлаушылардың ұсыныстары бойынша сапалы жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.