Ертіс ауданы әкімінің аппараты 2021 жылғы 21 шілдеде сағат 15.00-де Ертіс ауданының әкімі А.У. Бейсекиннің ауданның 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы брифингі онлайн форматта өтетінін хабарлайды:
Zoom платформасы арқылы- https://us02web.zoom.us/j/8481315588?pwd=M1F5aFhsb1htc2FodzJoUno2RzhaUT09
конференция идентификаторы: 848 131 5588, кіру коды: 11223344;
Instagram тікелей эфир - abeysekin;
Facebook тікелей эфир - Ertis Aqparat.
Ертіс ауданы әкімінің алдағы брифингіне дайындық аясында азаматтар сұрақтарды 2021 жылдың 21 шілдесіне дейін жолдай алады:
1. Ертіс ауылы Қажымұқан көшесі, 118 мекенжайы бойынша орналасқан аудан әкімдігінің ғимаратында орнатылған өтініштердің арнайы жәшігіне;
2. Ертіс ауданы әкімдігінің www.gov.kz сайтындағы блог-платформасына;
3. Әлеуметтік желілер және мессенджерлер аккануттарына (Instagram –abeysekin, ertis_aqparat; Facebook – Ertis Aqparat; WhatsApp нөмері - +77051439226);
4. Байланыс телефондары арқылы: (871832) 21379.
Брифингті өткізгеннен кейін Ертіс ауданының әкімі Аян Уахитұлы Бейсекинмен азаматтарды қабылдау өткізіледі.
Қабылдауға жазылу 2021 жылғы 21 шілдеге дейін жүргізіледі.
Өтінішті жолдауға болады:
1. Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы egov.kz;
2. Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 118 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің ғимаратында өтініштерге арналған арнайы жәшікке;
3. Ертіс ауданы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ertis сайтындағы блог-платформаға;
4..Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер аккаунттарына (Instagram - abeysekin; WhatsApp нөмірі - +77051439226;
5. Байланыс телефондары арқылы: (871832) 21379.
Қабылдауға жазылу үшін өтініш берушінің толық деректерін (Т.А.Ә., пошталық мекенжайы, байланыс телефондары) және мәселенің қысқаша мазмұнын көрсету қажет.