Павлодарда жылқы шаруашылығының аймақтық қауымдастығы құрылады

Павлодарда жылқы шаруашылығының аймақтық қауымдастығы құрылады

Павлодар облысы Кәсіпкерлер Палатасы алаңында аймақ әкімінің орынбасары Асаин Байхановтың, кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Садвакасовтың, жылқы шаруашылығы саласындағы фермерлердің (25-тен астам шаруашылық), #ToraighyrovUniversity

"Жылқы шаруашылығы" факультетінің ғалымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында жылқы шаруашылығының проблемалық мәселелері қаралып, жағдайды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.

"Ақжар Өндіріс" Агрофирмасы ЖШС басшысы Айтмұхамбет Қожабеков жылқылардың аналық басы үшін жемшөпті субсидиялаудың болмауы мәселесін көтерді.

Сонымен қатар, фермерлер жайылымдық жерлердің жеткіліксіздігі, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың жетіспеушілігі, шалғай ауылдарда Интернеттің болмауы сияқты проблемаларды айтты.

Проблемалық мәселелерді талқылау барысында уәкілетті органдарға тапсырмалар беріліп, жылқы шаруашылығы саласындағы айтылған мәселелерді шешу жолдары белгіленді.

 #ToraighyrovUniversity профессоры Төлеген Асанбаев  жылқы шаруашылығының аймақтық қауымдастығын құру туралы ұсыныс жасады.

 

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы

#seriksadvakasov

#РПППавлодар