«Ертіс ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі

«Ертіс ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңын және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 354/7 «Ертіс ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 5295 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 желтоқсандағы № 51 «Ертіс Нұры», «Ертіс» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің орынбасары Н.М.Жүсіповке жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Аудан әкімі                                                         А.Бейсекин