«Ертіс ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» қаулы жобасына баспасөз релизі

«Ертіс ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы»  қаулы жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 - бабы 4, 6 - тармақтарына,
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы
 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес,
Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
  2. Осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй - жайлар берілсін.
  3. Ертіс ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін жайларды белгілеу туралы» № 210/6 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3975 болып тіркелген).
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Ертіс аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                                     Г. Сыздықова

2021 жыл «__» __________