Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ертіс ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
- Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ертіс ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері ұлғайтылсын.
- Ертіс аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі «Жер бөлу жобаларын (схемаларын) , бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» № 220-40-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4768 болып тіркелген , 2015 жылғы 3 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының экология, бизнесті және өндірісті қолдау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні