Ертіс ауданында 2021-2022 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Ертіс ауданында 2021-2022 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі  жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017  жылғы 20 ақпандағы  «Жайылымдар туралы» Заңының 13-бабына, 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Ертіс ауданында 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.

2.        Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының  бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 3.        Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Лауазымы

 

Аты-жөні