Аудандық "Nur Otan" партиясының филиалының ХХХl конференциясы

Аудандық "Nur Otan" партиясының филиалының ХХХl конференциясы

Бүгін аудандық "Nur Otan" партиясының филиалының ХХХl конференциясын өткізді. Партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебі тыңдалды. Ауданда сайлауалды бағдарламаның жеті басымдығы бойынша "Жол картасы" әзірленді, оған 90 іс-шара кіреді. Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдениетті дамытуға, қоғамдық тәртіпті және халықтың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған, т.б. іс-шаралар. "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" партиялық бағдарлама жұмысымызда басты басымдық болуға тиіс. Сонымен қатар, партияның аумақтық филиалының Саяси кеңесі құрылып, "Nur Otan"партиясының облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.