Шағын және орта бизнесті дамыту – кез келген ел экономикасының негізі.
Экономикалық шынайылықтың жаңа жағдайларында шағын және орта бизнесті қолдау мемлекет жұмысының басымдықтарының бірі болып табылады.
Осыған байланысты, аудан әкімдігі аудан прокуратурасымен бірлесіп «Ертіс ауданының кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңесін» құрды.
Кеңес шағын және орта бизнес субъектілеріне көмек көрсету және олармен тікелей кері байланысты қамтамасыз ету үшін құрылған.
Кеңес құрамына бизнестің түрлі топтарының өкілдері және мемлекеттік органдардың басшылары кірді.
2021 жылғы 8 сәуірде аудан әкімі А. Бейсекиннің төрағалығымен, аудан прокуроры Д. Б. Файзулиннің, аудан салық басқармасының басшысы М. К. Рахметовтің және т. б. қатысуымен кеңестің бірінші отырысы өткізілді, онда жер қатынастары, кадрлық қамтамасыз ету, коммуналдық төлемдер және т. б. мәселелер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.