Жастар саясаты және жастарды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, NEET санатымен атаулы жұмыс мәселелері қаралды. Жастар кәсіпкерлігін қолдау шараларын, бизнесті дамыту жолдарын талқыладық. Ауданда 80 жас кәсіпкер тіркелген. Олар ауыл шаруашылығы және сауда саласында қызмет етеді. Бұдан басқа, жастар қаржы институттарын кредиттеу және гранттық қолдау тетіктерін пайдалана отырып, халыққа көрсетілетін қызметтер нарығын белсенді игеруде. Жастар спартакиадасын өткізу, дарынды жастарды қолдау, волонтерлікті дамыту бойынша және т. б. ұсыныстар келіп түсті. Жекелеген мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кезеңге жоспарлар белгіледік.