Агашорын ауылына жұмыс сапары

Агашорын ауылына жұмыс сапары

Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин жұмыс сапарымен Ағашорын ауылына барды. Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, бизнесті одан әрі дамыту жоспарларын талқыладық. Фермерлер көктемгі дала жұмыстарына белсенді дайындалуда. Округтің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, егіс кешендерін, топырақ өңдеу және басқа да техниканы сатып алуды жоспарлап отыр. "Замандас" ШҚ жөндеу-механикалық цехын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, "Нива" ШҚ сұйық минералды тыңайтқыштар шығаруға дайындалуда. Мал өсірушілер "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында малдарының санын арттыруды көздеуде. Сонымен қатар ауылдық округтің даму жоспарын қарадық. Ағымдағы жылы ауылдарды абаттандыру, Ұзынсу ауылында футбол алаңын орнату, Ағашорын ауылының кіреберіс жолына жөндеу жұмыстары қарастырылған.