Облыстық «Көрпе Fest» мега - фестивалі

Облыстық «Көрпе Fest» мега - фестивалі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында онлайн форматта өткен облыстық «Көрпе Fest» мега - фестивалінің қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті. Шараға қатысқан 26 ауданымыздың қолөнер шеберлері ішінен іріктеуге бес адам өтті, оның ішінде бір жеңімпаз, төрт лауреат анықталды. Жеңімпаз атанған Алма Беспаева облыс әкімінің марапатына ие болды. Салт-дәстүрді насихаттауға, ұлтымыздың қолөнерін дамытуға атсалысқаны үшін бір қатар қолөнершілерін Алғыс хаттарымен марапаттады.