«Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 қазандағы «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 245-58-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасына баспасөз релизі

«Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 қазандағы «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 245-58-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 қазандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 245-58-6 шешіміне (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6994 болып тіркелген, 2020 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Қағидалардың 1-тарауында:

1 тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«8) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы;»;

3- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;

Қағидалардың 2-тарауында:

7-тармақ:

келесі мазмұндағы 7-6), 7-7) тармақшалармен толықтырылсын:

«7-6) бір деңгейдегі білім беру ұйымдарында бұрын басқа мамандық бойынша оқығаны үшін өтем алғандарды қоспағанда, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім алуға үзінді көшірмесі бар мүгедек студенттер;

7-7) 1, 2 және 3 топтағы жалғызілікті және жалғыз тұратын мүгедектер;»;

10-6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«10-6) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын отбасылар;»;

келесі мазмұндағы 10-7) тармақшамен толықтырылсын:

«10-7) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен жоғары, бірақ ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын отбасылар;»;

келесі мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар.»;

8-тармақта:

1-1) тармақшасында «6-1)» деген санынан кейін «12)» деген санымен толықтырылсын;

2-2) тармақшасында «4)» деген санды«3)» деген санға ауыстырылсын;

2-7) тармақшасында «20 (жиырма )» деген сөздер мен санды «15 (он бес)» деген сөздер мен санға ауыстырылсын;

келесі мазмұндағы 2-9), 2-10), 2-11) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-9) осы Қағидалардың 7 - тармағының 7-6) тармақшасында көрсетілген санатқа бір оқу жылы үшін жоғары оқу орындарында оқу құнын өтеу үшін 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде, техникалық және кәсіптік оқу орындарында 30 (отыз) АЕК мөлшерінде - жеке басын куәландыратын құжат, мүгедектігі туралы анықтама, жеке оңалту бағдарламасы негізінде, оқу орнының басшысы мен мүгедек студент арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартың қоса берілуімен жүзеге асырылады. Егер құны белгіленген әлеуметтік көмектен аз болса сәйкесінше оқу жылына бекітілген оқу жылына бекітілген нақты төлем құны бойынша жасалады;

2-10) осы Қағидалардың 7 - тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін тіс протездеуге өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, алушының мәртебесін растау құжаты, орындалған жұмыстар актісінің, фискалды түбіртекті қоса бере отырып шот-фактура негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

2-11) осы Қағидалардың 7 - тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін санаторлық-курорттық емделуге (жолына, тамақтануына және тұруына) - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, алушының мәртебесін растау құжаты, жүкқұжат, фискалды түбіртекті қоса бере отырып шот-фактура негізінде 45 (қырық бес) АЕК мөлшерінде;»;

3-3) тармақшасында «4)» деген санды «3)» деген санға ауыстырылсын;

келесі мазмұндағы 3-7) тармақшамен толықтырылсын:

«3-7) осы Қағидалардың 7 - тармағының 7-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;»;

4-3) тармақшасында «6 (алты)» деген сөздер мен санды«8 (сегіз)» деген сөздер мен санға ауыстырылсын;

келесі мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:

«4-4) осы Қағидалардың 7 - тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін сауықтыруға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;»;

5-1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«5-1) осы Қағидалардың 7 - тармағының 10-6) тармақшасында көрсетілген, бір жасқа дейінгі балалары бар, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж санат үшін 2 (екі) АЕК мөлшерінде;»;

келесі мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:

«5-2) осы Қағидалардың 7 - тармағының 10-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты 2 (екі) АЕК мөлшерінде;»;

6-2) тармақшасында «15 (он бес)» деген сөздер мен санды «20 (жиырма)» деген сөздер мен санға ауыстырылсын;

6-3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«6-3) осы Қағидалардың 7 - тармағының 10-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін бірінші баланың тууына 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде.»;

Қағидалардың 3-тарауында:

12 және 13-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

«12. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

  1. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні