«Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі

«Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Ертіс аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы «Ертіс ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» № 61-16-6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5544 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

шешіміне қосымша

 

 

Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

 

 

1 - тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

 

  1. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
  2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) беріледі.
  3. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсандағы коммуналдық қызметті және тұрғын үйді ұстауға төлеуге жұмсалатын жиынтық табысы мен шығыны бойынша ағымдағы тоқсанда тапсырған құжаттардың уақытына байланыссыз бір тоқсандық мерзімге тағайындалады.
  4. Отбасының (азаматтың) бір айда шекті жол берілетін шығыстар үлесі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 5 % пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

 

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

 

  1. Көмектің ең төменгі мөлшері тоқсандағы айлық есептік көрсеткіш шамасының жартысынан кем болмауы тиіс.
  2. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде қабылданатын тұрғын үй алаңының нормалары:

1) жалғыз тұратын азаматтарға - жалпы алаңның отыз шаршы метрі;

2) екі және одан да көп адамнан тұратын отбасыларға - бір адамға он сегіз шаршы метрден есептегенде, бірақ жалпы алаңнан артық емес.

  1. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде электр қуатты тұтынудың келесі нормалары ескеріледі:

- электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін, бір адамға айына 110 киловатт мөлшерінде;

- электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін, бір адамға айына 90 киловатт мөлшерінде.

 

3-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

 

  1. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен алушылардың дербес шоттарына жүзеге асырылады.