VII шақырылған Ертіс аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

VII шақырылған Ертіс аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы  хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда Ертіс аудандық мәслихаты депутаттарының бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 12661 адам енгізіліп, оның 12028 немесе 95 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 12028 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 35 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 234 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 Саяси партиялары қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны көрсетілді:

 «Nur Otan»  партиясы - 9142 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 77,38% ;

 «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 647 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,3 % ;

«Ақ жол»  Қазақстанның демократиялық партиясы- 1635 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 13,84% - ын құрайды;

«ADAL» Саяси партиясы– 390 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,30%.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан жоғары пайызын жинаған саяси партияларға келесі депутаттық мандаттар белгіленді:

«Nur Otan» партиясы - 9 мандат;

Қазақстан демократиялық партиясы «Ақ Жол»  - 2 мандат.

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы