Ауыл клубының ашылуы

Ауыл клубының ашылуы

"Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында салынған ауылдық клубтың ашылуы Ағашорын ауылының тұрғындары үшін жақсы жаңа жылдық сыйлық болды.
Ауылдық клуб барлық заманауи талаптарға сай. Кең ғимаратта ауыл әкімдігі, кітапхана, ардагерлер кеңесі, Қазпошта бөлімшесі, учаскелік полиция пункті орналасты.
Биыл осы тірек ауылда үлкен жобалар жүзеге асырылды.
Су құбырының құрылысы аяқталып, әр үйге су жеткізілді. Ауылдың үш көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл 2 шақырымнан асады.
ЖСҚ әзірлеу үшін қаражат бөлген ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің әлеуметтік белсенділігін атап өткім келеді.
Мұның бәрі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және ауылға білікті кадрларды тартуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.