COVID-19 жедел штабының отырысы

COVID-19 жедел штабының отырысы

Аудан әкімі А.Бейсекиннің төрағалығымен COVID-19 жедел штабының отырысы өтті. Ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған шаралар туралы сұрақтар қаралды. Аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Қазіргі таңда КВИ-нің расталған жағдайлары тіркелді. Себепті байланыстарға талдау жасалды, үй карантині үшін оқшауланған тығыз байланыстар шеңбері анықталды. Амбулаторлы емделіп жатқан адамдарға тегін дәрі-дәрмектер беріледі. Аудандық ауруханада 2 айлық қажетті дәрі-дәрмек қоры бар. Аудандық дәріханаларда дәрі-дәрмектердің болуы үнемі бақылауда. Штаб отырысында No1, No4 Ертіс орта мектептерінде карантинді ұзарту туралы шешім қабылданды; №2, №3 Ертіс орта мектептері қашықтықтан оқытуға көшірілді. Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балалар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында балабақшалардағы карантин екі аптаға ұзартылды. Штаб басшысы карантиндік шараларды сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырды. Құрметті аудан тұрғындары! Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту біздің санитарлық шараларды қатаң сақтауымызға да байланысты. Саулық- сақтықта! Жақынына жанашыр бол!