Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 43/2 «Ертіс ауданында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 43/2 «Ертіс ауданында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жоба

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы

№ 43/2 «Ертіс ауданында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабы 2 - тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Ертіс ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны ресми жариялауды және мерзімді баспа басылымдарында, интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ертіс ауданы әкімдігінің
2026 жылғы ____________
№ __________ қаулысына
қосымша

Ертіс ауданы
әкімдігінің 2023 жылғы
"20" ақпандағы № 43/2
қаулысымен бекітілген

     

Ертіс ауданында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы 1 тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен ақы төлеу тәртібін белгілейді.