2026 жылдың 28 сәуір айында сағ.15.00-де Ертіс ауылы Бөгенбай көшесі 99, 7 кабинет мекенжайы бойынша өтетін жолаушыларды және жүктерді тасымалдайтын, маршруттардың қызметтерінің құқығы туралы «Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ конкурс жариялайды.
Конкурсқа келесі маршрут қойылады:
- Қызылқақ ауылы - Ертіс ауылы – Қызылқақ ауылы;
Конкурсқа жеке меншік нысанына қарамастан автокөлік құралдары (автобустар, микроавтобустар) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін заңды және жеке тұлғалар қатысады;
Конкурсқа қатысушылар «Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ конкурстық комиссияға өтінімін электронды поштаға irt.zhkx2025@mail.ru немесе жазбаша түрде Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі 99,
7 кабинет мекенжайына ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысушыларды тіркеу күнінің соңғы қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 13 сәуір айы.
Конкурсты өткізу сұрағы бойынша 2026 жылдың 2 сәуір айында конкурстық Комиссия алдын ала конкурстық конференция өткізеді.
Анықтама алу үшін 2-22-59, 2-15-22 осы телефон нөмірлері бойынша жүгініңіз.
Ертіс ауданының экономиканың
нақты секторы бөлімі
басшысының м.а. А. Казиханов
Орын. Ю. Черепанов тел. 22259