
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
|
Шешіміне 1- қосымша
|
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ертіс ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқару органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі - ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі - атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған түлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау үшін Ертіс ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
12) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесі» дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
3) 26 сәуір - Радияциялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;
4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
5) 9 мамыр - Жеңіс күні;
6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні;
8) 1 қазан - Қарттар күні;
9) 25 қазан - Қазақстан Республикасының күні;
10) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
1) мереке күндер мен атаулы күндерге Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде, алушылардың өтініштері талап етілмей біржолғы әлеуметтік көмек:
15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
26 сәуір – радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне:
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
7 мамыр – Отан қорғаушы күніне:
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылары мен қызметшілеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Заңның 4 – 6 - баптарында аталған адамдардың отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:
сотпен немесе «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де тәртіппен саяси қуғын-сүргін құрбандары немесе саяси қуғын-сүргін құрбандары деп танылған азаматтарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;
«Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар тұлғаларға 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар тұлғаларға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
1 қазан – Қарттар күніне:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұлғаларға, зейнеткерлерге) 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға (тұлғаларға, зейнеткерлерге) 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
25 қазан – Қазақстан Республикасының күніне:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне:
«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
2) емдеуге (сауықтыруға) әлеуметтік көмек:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға емдеуге (сауықтыруға) біржолғы, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжат, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны қоса бере отырып өтініш негізінде 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
3) гемодиализ аппаратын пайдаланатын 1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (гемодиализ емшарасын алушыларға) ай сайын медициналық мекемеде емдеу курсын алғаны туралы растау анықтамасын қоса бере отырып, өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде.
4) мүгедектігі бар адамдарды алып жүруге әлеуметтік көмек:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға біржолғы санаторлық-курорттық емделуге он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды заңды өкілдің еріп жүруіне, осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға біржолғы санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілдің еріп жүруіне, осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде;
5) коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына; 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға (коммуналдық қызметтерді төлеуге) тоқсан сайын, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжат, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;
6) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты әлеуметтік көмек:
дүлей апат салдарынан азаматтарға (отбасыларға) не оның мүлкіне ең төменгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті зиян келтіруге байланысты, атап айтқанда тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылым (меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда) жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін), неке қию немесе бұзу туралы куәлікті, отбасының барлық мүшелеріне тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар немесе жоқ екендігі туралы анықтаманы, дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын (алты айға жарамды) құжат, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны, дүлей апат салдарынан келтірілген залалдың фотосын қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
7) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты әлеуметтік көмек:
өрт салдарынан азаматтарға (отбасыларға) не оның мүлкіне ең төменгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті зиян келтіруге байланысты, атап айтқанда тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылым (меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда) жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін), неке қию немесе бұзу туралы куәлікті, отбасының барлық мүшелеріне тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар немесе жоқ екендігі туралы анықтаманы, дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын (алты айға жарамды) құжат, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны, өрт салдарынан келтірілген залалдың фотосын қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
8) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуына байланысты әлеуметтік көмек:
қатерлі ісіктері бар тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурудан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;
созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары ауруынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары ауруынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
орфандық аурулар ауруынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде.
ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
эпилепсия аурулар ауруынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
амбулаторлық емдеудегі туберкулезбен зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурудан зардап шегетін балаларға өтініш негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып ай сайын, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде;
9) ақшалай түрдегі әлеуметтік көмек:
бұрын оқуға әлеуметтік көмек алған жоғары оқу орындарының студенттеріне, жоғары оқу орындарының оқуын аяқтау мерзіміне дейін, құжаттарды қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шартқа сәйкес көрсетілген оқу құны мөлшерінде;
жоғары оқу орындарының оқуын аяқтау мерзіміне дейін, бұрын әлеуметтік көмек алған студенттерге ай сайын оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;
егде жастағы мүгедектігі бар адамдарға, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарының, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде ай сайын 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде біржолғы 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;
пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;
10) тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша, құжатты қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 500 (бес жүз) АЕК мөлшерінде;
11) Кірістерін ескере отырып, қатты отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек:
пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын мүгедектігі бар бірінші, екінші, үшінші санаттағы адамдарға, көп балалы отбасыларға, өтініш берген мерзімде ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасыларға қатты отын сатып алуға (жылыту маусымы кезеңінде), жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтерін қоса бере отырып біржолғы, өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды. Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек күнтізбелік жылы бір рет тағайындалады. Бірнеше негіздер болған кезде мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек бір негіз бойынша тағайындалады.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратқа мәліметтерді жатқызу және онымен жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес электрондық түрде ұсынады.
Бірнеше санатқа жататын адамға әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек әрбір негіз бойынша төленеді.
Мынадай негіздер бойынша әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі: дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған жағдайда;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайда;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайда.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
1) алушы қайтыс болған жағдайда;
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен жағдайда;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген жағдайда;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Мемлекеттік корпорация ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне кешіктірмей осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» АҚ бөлінісінде жүргізілген әлеуметтік көмек төлемдері бойынша мәліметтерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.