
Северный ауылдық округінің сайланған әкіміне куәлік табысталды
2026 жылғы 3 наурызда Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Северный ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді. Комиссия төрағасы Т.Б. Купеев сайланған әкімге куәлік табыс етті.
Северный ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Баймышев Рустем Алжагельдинович 2026 жылғы 3 наурыздан бастап өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.
Баймышев Р.А. 1983 жылы 3 сәуірде Аманкелді ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын білім беру сферасынан бастады, 2013 жылдың қазаннан бастап 2026 жылдың наурыз айына дейін мектеп директоры болып жұмыс істеді. «АMANAT» партиясы ұсынған.