Аманкелді ауылдық округінің сайланған әкіміне куәлік табысталды

Аманкелді ауылдық округінің сайланған әкіміне куәлік табысталды

2026 жылғы 3 ақпанда Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аманкелді ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді. Комиссия төрағасы Т.Б. Купеев сайланған әкімге куәлік табыс етті.

Аманкелді ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Шарманова Алмагуль Сейсенбаевна 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.

Шарманова А.С. 1984 жылы 15 ақпанда Аманкелді ауылында дүниеге келді.

Еңбек жолын білім беру сферасынан бастады, 2022 жылдың ақпанынан бастап 2026 жылдың қаңтар айына дейін Аманкелді ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді. «АMANAT» партиясы ұсынған.