Ертіс ауылындағы зираттарды жабу туралы

Ертіс ауылындағы зираттарды жабу туралы

Жоба

 

 

 

Ертіс ауылындағы зираттарды жабу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Зираттар мен жерлеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы             19 тамыздағы бұйрығына сәйкес, сондай-ақ Ертіс ауылы тұрғындарының пікірін  ескере  отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Жаңа жерлеу орындары үшін олардың аумағының таусылуына байланысты келесі зираттарды жабу:

1.1.Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Степная көшесі мекенжайында орналасқан мұсылман зираты.

1.2.Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Би Байсерке Абыз көшесі мекенжайында орналасқан православ зираты.

2.Қолданыстағы жерлеу ережелерінде белгіленген тәртіппен бос алаң болған кезде тек бұрын бөлінген отбасылық/рулық учаскелерде жерлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

3.Жабық зират аумағын тиісті санитарлық күтіп-ұстауды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету.

4.Жалпы жұрттың назарына зираттың жабылуы туралы тиісті ақпараттық хабарландыру (маңдайша) белгіленсін.

5.Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары В. А. Дубгорн жүктелсін.

6.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ертіс ауылының әкімі                                          Д.Т.Алкенов