
Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қағидалардың 1-қосымшасының 2-тарауының 7-тармағының 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға сауықтыруға, өтініш негізінде 50 (елу) АЕК мөлшерінде»;
Қағидалардың 1-қосымшасының 2-тарауының 8-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі (меншігінде бір тұрғын үйі (пәтер, үй) бар азаматтарға (отбасына) қоспағанда), жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат (алты айға жарамды), жылжымайтын мүліктің жоқ болуы (бар болуы) туралы анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі (меншігінде бір тұрғын үйі (пәтер, үй) бар азаматтарға (отбасына) қоспағанда), жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат (алты айға жарамды), жылжымайтын мүліктің жоқ болуы (бар болуы) туралы анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;
қатерлі ісіктерден зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын аурудан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
жіті миокард инфаркті (алғашқы 6 айда) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
нерв жүйесінің дегенеративті ауруларынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
орталық нерв жүйесінің демиелиндену ауруларынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
орфандық ауруларынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
эпилепсия ауруынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде) ауруларынан зардап шегетін тұлғаларға Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |