Аудан түлектеріне арналған кеңес

Аудан түлектеріне арналған кеңес

6 қаңтар күні №2 Ертіс орта мектебінің базасында бекітілген жоспарға сәйкес білім алушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) сапалы дайындау мақсатында аудан түлектеріне консультация өткізілді. Консультация барысында ҰБТ тапсырмаларының құрылымы мен талаптары түсіндіріліп, негізгі тақырыптар бойынша білімдерін бекіту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындау әдістері, уақытты тиімді пайдалану жолдары және жиі кездесетін қателіктер талқыланды.
Өткізілген консультация білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруға және ҰБТ-ға дайындық деңгейін көтеруге бағытталды.