
N2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінде тірек мектебі мен магниттік мектеп арасында консультативті пункт ұйымдастырылды. Осы консультативті пункт арқылы мұғалімдер тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасып, оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын көрсетуде.
Консультативті пункт аясында онлайн сабақтар ұйымдастырылады. Сабақта интерактивті ойын түрінде «Tarik Tambang Matematika» (Математикалық арқан тарту) қолданылып, оқушылар математикалық есептерді шешу арқылы бәсекелесіп, белсенді түрде қатысты. Бұл әдіс оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, пәнге деген ынтасын арттыратыны көрінді.
Консультативтік пункт аясында осындай цифрлық ресурстарды қолдану білім сапасын арттырудың тиімді жолдарының бірі ретінде ұсынылды.