Домбыра мен кітап қондырғысының ашылуы

Домбыра мен кітап қондырғысының ашылуы

Қазақтың дүлдүл ақыны, әдебиет өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген қоғам қайраткері, жерлес ақынымыз Иса Байзақовтың 120 жылдық мерейтойы құрметіне аудандық мәдениет үйінің алдында орнатылған ескерткіш қазақтың қасиетті қара домбырасы мен ақын өлеңдері сыр шерткен кітап инсталляциясымен толықтырылды.
Аудан әкімі А.Бейсекин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Зейнешев, сондай-ақ тарихшы-этнограф, Үлгілі ауылының тұрғыны, педагогикалық еңбек ардагері З.Рахметжанова жерлес ақынның еңбегіне деген алғыс сөздер мен жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты шара аудандық "Өмірі өшпес өнеге " атты Иса оқулары байқауының жеңімпазы, Иса Байзақов атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Алихан Амиржановтын "Исаға арнау" өленімен аяқталды.