"Білім сапасы – басты міндетіміз"

"Білім сапасы – басты міндетіміз"

Тірек мектебінің оқу ісінің меңгерушісі магнитті мектептің әкімшілігімен бірлесіп аталған тақырыпта мазмұнды дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты – білім сапасын арттыру бағытында үйлесімді жұмыстарды жоспарлап, оқу үдерісіндегі өзекті мәселелерді бірлесе талқылау болды.
Кездесу басында мектеп психологы Арсен Жумабекович Усаханов ұжымды біріктіруге арналған тренинг өткізіп, қатысушыларды командалық жұмысқа жұмылдырды. Психологиялық жаттығулар талқылаудың ашық, еркін әрі нәтижелі өтуіне ықпал етті.
Дөңгелек үстел барысында талқыланатын мәселелері бар карточкалар таратылып, қатысушылар әр мәселені жеке қарастырып, тиімді шешу жолдарын ұсынды. Пікір алмасуды жандандыру мақсатында жұптық жұмыс ұйымдастырылып, мектептер арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды.
Кездесудің маңызды бөлігі ретінде Назия Гасмановна Салыбаева білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында №2 тірек мектебінің магнитті мектептермен 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Қатысушылар жоспардың негізгі бағыттары мен мақсаттарын талқылап, бірлесе отырып оның мазмұнына толықтырулар енгізді.
Іс-шара соңында мектеп директорының м.а. Жанат Тесиргалиевна Шингисова қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы жұмыста сәттілік тіледі. Сонымен бірге, ортақ мақсат жолында мазмұнды, нәтижелі жұмыс атқарылатынына сенім білдірді.
Іс-шара мектептер арасындағы өзара байланыс пен әдістемелік қолдауды нығайтып, алдағы оқу жылында білім сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.