Жоба
Ертіс ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ертіс ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнулы салық режимін қолдану кездеңінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері есепті салық кезеңде осындай мөлшерлемелер салынатын табыстар бойынша қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
- Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы «Ертіс ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық ставкаларының мөлшерін төмендету туралы» №70-19-8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 11 наурызда №7501-14 болып тіркелген).
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ертіс ауданы мәслихатының төрағасы Б.Шынғысов