
Ертіс ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен жас педагогтар арасында аудандық дебат турнирі болып өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – педагогтардың сыни ойлау қабілетін арттыру, пікір айту мәдениетін қалыптастыру және ұжымдық жұмыс дағдысын дамыту болды.
Аталмыш ойынға 8 команда бақ сынап үздік ойындар көрсете білді.
Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан сайыстан Жүлделі 3 орынды Майқоңыр мектебінің "FactUM" командасы, 2 орынды Қарақұдық мектебі "Бүркіт" командасы иеленді.
Жыл соңында қорытындыланатын кубокты үздік өнер көрсете білген Қоскөл мектебінің жас педагогтарынан құралған "Alas Insight" командасы жеңіп алып 1 орынға жайғасты.
Топ ортада тайсалмай өз ойын ашық жеткізе біліп, "Үздік оратор" номинациясын Қоскөл мектебінің спикері Жұмахан Ерлан иеленсе, "Үздік аналитик" номинациясын Майқоңыр мектебінен Кашенова Арайлым жеңіп алып, пікірсайыс турниріңнің көрігін қыздырды.
Алдағы уақытта жалғасын табатын ойын өте көңілді өтті. Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз.