
Аудан орталығындағы сауда нысандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) тұрақты негізде баға мониторингі жүргізілуде.
Мониторинг қорытындысы бойынша ӘМАТ-ке сауда үстемесі сатып алу бағасының 15%-ынан аспайтыны анықталды.
Сонымен қатар, сауда нысандарының иелерімен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және ӘМАТ-ке 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Стабфондтың әріптес дүкендерінде облыстық тұрақтандыру қорының өнімдері бар, онда да сауда үстемесі талапқа сай сақталуда.
Жыл басынан бері ауданның әлеуметтік сауда нүктелері арқылы облыстық тұрақтандыру қорынан 43 тонна өнім сатылды.