Баға мониторингі

Баға мониторингі

Ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ауылдық округтердің әкімдіктерімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (бұдан әрі - ӘМАТ) сататын аудан кәсіпкерлері арасында жадынамаларды тарату бойынша жұмыс жүргізді. ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан (15%) аспайды. ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері артқан кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Анықтама үшін: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы - ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген ӘМАТ-ке сауда үстемесінің мөлшерінен асуы - ескерту жасауға, бір жыл ішінде қайталап асып кеткені үшін - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 10 аек, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 75 аек, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 300 аек мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұл жұмыс жалғасады.