Ертіс ауданының АСК сайланған әкімдерге куәлік тапсырды
2025 жылғы 1 шілдеде Ертіс ауылы және Қоскөл, Панфилов, Сілеті ауылдық округтері активтерінің жиналысы өтті, онда Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Т. Купеев ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған Д. Т. Алкенов, Д.Б. Тюлегенов, А.И. Карибаев, Ж.К. Батыргжиновке куәліктер тапсырды.
Ертіс ауылы тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Алкенов Даулет Таймысович 2025 жылғы 1 шілдеден бастап өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.
Алкенов Даулет Таймысович 1971 жылы сәуірде Аманкелді ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1992 жылы Ертіс ауданының Амангелді орта мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі болып бастаған. 2001-2011 жылдары Аманкелді орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Аманкелді ауылының әкімі қызметін атқарды. 2021 жылы Ертіс ауданы Ертіс ауылының әкімі болып сайланды. «АMANAT» партиясы ұсынған.
Қоскөл ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған әкім лауазымына сайланған Тюлегенов Дулат Балыкбаевич 2025 жылғы 1 шілдеден бастап өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.
Тюлегенов Дулат Балыкбаевич 1989 жылы 5 қазанда Котельниково ауылында дүниеге келген.
10 жылдан астам уақыт Ертіс ауданының жергілікті атқарушы органдарында, Ұзынсу ауылдық округі, Панфилов ауылдық округі әкімі аппаратында, Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінде, Ертіс ауданы әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істеді. «АMANAT» партиясы ұсынған.
Панфилов ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған әкім лауазымына сайланған Карибаев Асылбек Ислямович 2025 жылғы 1 шілдеден бастап өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.
Карибаев Асылбек Ислямович Ертіс ауда1973 жылы 25 мамырда Голубовский совхозында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1993 жылы «Тоқта» ЖШС бригадасының есепшісі болып бастаған. 1997-2013 жылдары «Болашақ» ШҚ басшысы болып жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап Панфилов ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. «АMANAT» партиясы ұсынған.
Сілеті ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған әкім лауазымына сайланған Батыргужинов Женис Кожаханович 2025 жылғы 1 шілдеден бастап өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.
Батыргужинов Женис Кожаханович 1966 жылы 9 мамырда Сладководск ауылында дүниеге келген. Білім беру саласында 8 жылдан астам жұмыс істеді. 2013 жылдың қарашасынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Бірлік негізгі жалпы білім беру мектебінің директоры болып жұмыс істеді. «АMANAT» партиясы ұсынған.