Бүгін ауданның барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиындар өтті. Бұл мерекелік шаралар бір жыл бойғы ізденіс пен табандылықтың жарқын қорытындысына айналды. Сонымен қатар, оқушылардың мектепке, ұстаздарға және ата-аналарға деген алғысын білдіретін тағылымды оқиға болды.
1-10 сынып оқушылары үшін «Білімім – Отанымa!» тақырыбында бірыңғай республикалық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін қалыптастыру, білім алуға құштарлығын арттыру, оның ел болашағы үшін маңызды екенін түсіндіру, сондай-ақ жыл бойындағы жетістіктерін шынайы бағалай білуге баулу болды.
Мұғалімдер үздік оқушыларды марапаттап, алғыс пен ізгі тілектерін білдірді. Барлық іс-шаралар қуанышқа, мақтаныш пен шабытқа толы атмосферада өтіп, әрбір қатысушының білім беру жүйесінің үлкен жетістіктеріне үлес қосып жатқанын сезінуіне мүмкіндік берді.