
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.
Жер учаскелерін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделмеген.