Ауа-райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық және энергетикалық
жүйелердегі апаттар, байланыс және электр желілеріндегі зақымданулар,
көлік қозғалысының бұзылуы сияқты төтенше жағдайлар туындауы мүмкін.
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің үздіксіз жұмыс
істеуі және қалыптасқан жағдайда жедел ден қою мақсатында жедел штаб
құрылып, кезекшілік ұйымдастырылды.
Авариялық жағдайлар туындаған кезде келесі байланыс нөмірлеріне
хабарласуға болады: 101; 2-15-80 (ТЖБ); 2-22-59 (Экономиканың нақты
секторы бөлімі); 2-14-04 (Ертіс электр тарату желілері); 8-705-609-99-59
(«Өрлеу» ЖШС);
8-777-521-35-82 (Ертіс Ауыз Су).
Ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан тұрғындары мен қонақтарынан
жазатайым оқиғалар болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуларыңызды сұраймыз.