"Бір ел-бір кітап" республикалық оқу акциясы аясында коворкинг орталығында Бердібек Соқпақбаевтың туындысы негізінде түсірілген "Чемпион" (1979) көркем фильмін көру және талқылау ұйымдастырылды.
Іс-шараға біздің оқырмандарымыз бокс секциясының спортшылары және жаттықтырушы Ж. Е. Смағұлов белсенді қатысты.
Б. Соқпақбаевтың балалар достығы мен қарым-қатынастары туралы фильмі мен повесі, бокстан жарыстарда жеңімпаз атанар алдында бас кейіпкердің аз сынақтан өтпеуі туралы!
Баршаңызды оқу акциясына қатысуға, тамаша кітаптар оқуға шақырамыз, табысқа жету жолында көмектеседі!