Мал шаруашылығы дамытудың кешенді жоспары іске қосылды

Мал шаруашылығы дамытудың кешенді жоспары іске қосылды

Ауылшаруашылық тауар өндірушілер НАЗАРЫНА!

«Игілік»

«Береке»

«Жайлау»

бағдарламаларының басталуы!

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қатысыңыз!

✅ НЕГІЗГІ ШАРТТАР:

* Есептік нөмірдің болуы.

* Жайылымдық жердің болуы (есеп: 1 басқа 3 га).

* Мал ұстауға арналған үй-жайдың болуы

🐂 САТЫП АЛЫНАТЫН МАЛДЫҢ ЖАСЫ:

* Аналық мал (етті бағыт): 9-18 ай.

* Қашарлар (сүтті бағыт): 12-17 ай.

* Құнажындар (сүтті бағыт, 5 айға дейінгі буаздық): 18-26 ай.

* Асыл тұқымды бұқалар (етті бағыт): 12-26 ай.

💻 ЕСЕПКЕ ҚОЮҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

* Міндетті түрде RFID сәйкестендіру (чип/сырға).

* Деректерді жинақтау үшін сканерлерді пайдалану.

* АШБ және САТЖАБ жүйелерінде тіркелу («асыл тұқымды» мәртебесі берілуі тиіс).

⚠️ ЕРЕКШЕ ШАРТТАР (МАҢЫЗДЫ!):

📅 Аналық малды мақсатты пайдалану мерзімі — кемінде 4 жыл (ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 03.12. №3-3/1061 бұйрығына сәйкес табиғи өлім нормаларын қоспағанда).

🧬 2. Етті бағыт үшін:

Етті бағыттағы мал сатып алған кезде міндетті түрде:

* І санаттағы асыл тұқымды бұқаларды пайдалану (норма: 1 бұқаға 30 бастан аспау).

* НЕМЕСЕ жасанды ұрықтандыруды қолдану (актілермен расталуы тиіс).

⏳3. Өндіруші бұқалар үшін:

Сатып алынған бұқаларды мақсатты пайдалану мерзімі — қатарынан 2 шағылыстыру маусымынан аспауы тиіс (кемінде 18 ай).

📲 Туындаған сұрақтар болса, келесі мекен-жайларға хабарласыңыз:

📍 аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері

📍 Ауыл шаруашылығы басқармасы

📞 32-22-59

📞 32-22-09

📍 Аграрлық несие корпорациясы

📞 1408

📞 87010061991