Тұрғындарға коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу

Тұрғындарға коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу

Халықтың әлеуметтік осал топтарының шығыс бөлігін төмендету бойынша көмек көрсету мақсатында бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу жоспарлануда.

Коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеудің тиісті қағидаларын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 18 сәуірде бекітті,оған қазіргі уақытта өзгерістер енгізілуде.

Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу құқығына 7 санаттағы тұлғалар ие:

1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) көп балалы отбасылар;

5) ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;

6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғалардың отбасылары;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

Шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген санаттағы тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және абоненттік жеке шотының деректерін ұсына отырып, тұрғылықты жері бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктеріне call-орталық немесе өзге де ақпараттық жүйелер арқылы өтініші негізінде жүргізіледі.

Одан кейін, қалалар мен аудандардың әкімдіктері келіп түскен өтінімдерді қалыптастырады және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жеке шоттың бар-жоғын және төлем сомасын растау үшін тұтынушылар тізбесін жібереді.

Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер тұтынушылардың тізбесін алғаннан кейін қала немесе аудан әкімдігіне тұтынушылардың қолда бар жеке шоттары, нақты көрсетілген коммуналдық қызметтердің көлемі туралы мәліметтердің мазмұнымен белгіленген тарифтерге сәйкес ақпарат жібереді.

Бұдан кейін қалалар мен аудандар әкімдіктері өтеуге жататын коммуналдық қызметтердің санына барабар тұтынушылардың абоненттік жеке шоттарына қаражатты аударуды қамтамасыз етеді.

Шығындарды өтеу төтенше жағдай кезеңінде сәуір мен мамыр айларында 1 абонентке 15 мың теңге есебінен қарастырылған.

Бүгінгі күні барлық қалалар мен аудандарда жауапты тұлғалар бекітіліп, коммуналдық қызметтерді өтеуге қатысты халыққа түсіндіру бойынша call-орталықтар ұйымдастырылып, жұмыс істеуде.

Тұрғындардан коммуналдық қызметтерді өтеуге өтініштерді қабылдауды ағымдағы жылғы 11 мамырдан бастап, қызмет көрсетушілермен сәуір айы бойынша есептеу рәсімі аяқталғаннан кейін бастау жоспарланып отыр.