Ұлы Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, классикалық қазақ әдебиетіне қызығушылықты арттыру, ақын шығармаларында көрініс тапқан эстетикалық талғам мен адами қасиеттерді дәріптеу, сондай-ақ ұжым ішінде рухани бірлікті нығайту мақсатында облыс бойынша еңбек мемлекеттік инспекциясы департаментінің қызметкерлері С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасына барды.
Қызметкерлер үшін ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, композитор және қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты әдеби сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара қызметкерлердің мәдени дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға да ықпал етті.