2025 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

2025 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Биылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні "Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасындағы төңкерістік тәсілдер: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрландырудың рөлі" тақырыбына арналды.

📅 Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы «ERG Service» ЖШС филиалы – «Павлодар машина жасау зауыты» ЖШС аумағында облыстың ірі кәсіпорындарының техникалық басшыларының қатысуымен іс-шара өткізді.

🧠 Негізгі назар – еңбек қауіпсіздігі жүйелеріне заманауи технологияларды, ЖИ мен мобильді шешімдерді енгізуге аударылды.
🔹 «DAITAN» ЖШС мен ERG Service Қауіпсіздік академиясы еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен бөлісті.

💬 Іс-шара ашық диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналды – қатысушылар өз сұрақтарын қойып, шешімдерді талқылады және тиімді тәсілдермен бөлісті.

🏆 Шараның қорытындысы ретінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға елеулі үлес қосқан үздік кәсіпорындар мен еңбек қауіпсіздігі инженерлері марапатталды.